Компанияға 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Fly Arystan және SCAT әуе компанияларына айыппұл салынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мәселен, "Fly Arystan" әуе компаниясының 11 шілдедегі Алматы-Қарағанды рейсі кешіккен. Жолаушылардың рейстің кешігуі немесе кешігу кезінде қызмет көрсетпеу туралы шағымдары жиілеген. Олар жолаушыларды қонақүйге орналастырмаған, тіпті қонақүйге апаратын трансфер ұйымдастырмаған. Компанияға 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Ал 24 маусымда Атырау-Алматы бағытындағы рейстің кешігуі кезінде қызмет көрсетпегені үшін SCAT компаниясына да 1 000 АЕК (3 692 000) көлемінде айыппұл салынған.