Қазір жол апатына кінәлі адам қамалып, оның тікелей басшысы болған бірнеше адам жұмысынан қуылғаны белгілі.
Ақтөбе облысында мас күйінде көлік тізгіндеген 34 жастағы полиция қызметкері ерлі-зайыптыларды қағып өлтірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Azattyq Rýhy жазуынша, ақпаратты Ақтөбе облысының полиция департаменті растады. Полиция қызметкері тойдан кейін мас күйінде көлік жүргізген. Рульге ие бола алмаған ол 25 және 26 жастағы екі адамды қағып кеткен. Өкінішке қарай, ерлі-зайыптылар қаза тапқан.
Полиция қызметкері әуел баста оқиға орнынан қашып кетіп, артынан өзі берілген деген ақпарат бар. Қазір жол апатына кінәлі адам қамалып, оның тікелей басшысы болған бірнеше адам жұмысынан қуылғаны белгілі.