$ 494.87  520.65  4.91

Астанада танымал стендапер қамауға алынды

Стендаперге қатысты мәліметті Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты растады.

Фото: harpersbazaar.kz
Фото: harpersbazaar.kz

Танымал стендапер Александр Меркуль 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған ақпарат астаналық стендапер Әділ Айшуақов пен Sun Project стендап-клубының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

«Достар, көпшілікке танымал әзілкеш, стендапер және біздің Sun Project жобамыздың негізін қалаушылардың бірі Александр Меркуль уақытша ұстау изоляторына 10 тәулікке қамалды. Тиісінше ол байланысқа шықпайды. Оқиғаның әрі қарай қалай өрбитінін күтеміз. Бекем бол», - деп жазды Айшуақов Instagram парақшасында.

Стендаперге қатысты мәліметті Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты растады.

«Сот отырысында Меркуль А.И. құқық бұзушылық жасағанын толық мойындады, жасаған ісіне өкінді. 2024 жылғы 7 маусымдағы бейәдеп сөздер айтылған видео мейрамханада өткен әзіл-оспақ аясында болғанын түсіндірді», - делінген сот қаулысында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары