#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Астанада көп балалы ана балконнан секіріп кетті

Бала туғаннан кейінгі депрессияны жоққа шығаратындар осы оқиғаға қатысты тағы бір рет ойланса екен.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астанада 1990 жылы туған 5 баланың анасы балконнан секіріп кеткен. Оның көз жұмғанын денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Биыл 23 шілдеде  А. Бектұров, 3 мекен-жайы бойынша жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды. ЖМК бригадасының келуімен үйдің ауласынан қыздың мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, қыз жоғарғы қабаттардан құлаған. Ол өмірге сәйкес келмейтін жарақаттардан қайтыс болды. Мәйіт полиция қызметкерлеріне берілді», — деп хабарлайды Астана денсаулық сақтау басқармасы.

Көп балалы әйелдің құлағанын Астана қаласының полиция департаменті де растады.

«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының негізінде өзге де ақпарат жария болмайды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Оның ең кіші баласы — 1 жаста. Күйеуі басқа қалада болған. Куәгерлер екеуінің арасында ұрыс-керіс болғанын айтады.

«Бала туғаннан кейінгі депрессияны жоққа шығаратындар осы оқиғаға қатысты тағы бір рет ойланса екен. Мұндай оқиға кез келген адамның басында болуы мүмкін. Аналарымызға қамқор болайық», — дейді оқиғаның куәгері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары