$ 495.2  522.34  4.94

Өткен жылы өрттен 66 мың га орман қорын жоғалттық – Олжас Бектенов

Орман өрттерінің алдын алу өте маңызды міндет.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Абай облысына жұмыс сапары аясында "Семей орманы табиғи резерваты аумағын әуеден тексерген Үкімет басшысы Олжас Бектенов заңсыз ағаш кесумен айналысатындарды мемлекеттің жауы деп атады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет басшысының өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру және өрттің алдын алу, орман шаруашылығындағы мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді.

Бектенов "Семей орманы" аумағында заңдылық пен тәртіптің сақталуын қатаң бақылау қажеттігін атап өтті. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып, орманды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтады.

Өткен жылы алапат өрт орын алды – біз 66 мың га орман қорын жоғалттық. Бұл бүкіл “Семей орманы” алқабының оннан бір бөлігі, сондықтан орман өрттерінің алдын алу өте маңызды міндет. Біз Президенттің тапсырмасы бойынша биыл бірінші болып соққы қабылдайтын ТЖМ және орман шаруашылығы құрылымдарын техникамен жабдықтау бағдарламасын қолға алдық. Аталған бағдарламаны жалғастырып, сіздерді заманауи техникамен қамтамасыз етеміз. Айтқым келген тағы бір маңызды мәселе – заңсыз ағаш кесумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы. Олармен күресу керек. Сіздер олардың бар екенін менен жақсы білесіздер. Мен тіпті жекелеген қызметкерлерге заңсыз ағаш кесуге кедергі келтірмеу қаупі төніп тұрғанын білемін. Міне, мұнымен күресу керек. Бұл жерде Ішкі істер министрлігі өте мұқият назар аударуы қажет, - деді ол.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары