SpaceX-ке тергеу жүргізіледі.
Кәсіпкер Илон Масктың америкалық SpaceX компаниясы АҚШ-тың Федералды авиация әкімшілігіне (FAA) Falcon 9 зымыранының апаты туралы есеп берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Содан кейін ведомство бұл зымырандарды ұшыруды тоқтата тұруға шешім қабылдады.
inbusiness.kz сайтының жазуынша, бұрын Falcon 9 зымыран қозғалтқышының істен шығуы жеті жылдағы алғашқы апатқа әкелді.
АҚШ-тың әуе реттеушісі Falcon-ды одан әрі ұшыруды тоқтата тұруға және SpaceX-ке тергеу жүргізуге бұйрық берді.
SpaceX командасы FAA-ға Falcon 9-дың дұрыс іске қосылмағаны туралы есеп берді, оның ішінде ықтимал себеп пен оны түзетуге бағытталған әрекеттер көрсетілген, – делінген компанияның әлеуметтік желідегі хабарламасында.
Компания оның зымырандарының ұшуы туралы бұрын-соңды болмаған деректерді жинай алатынын және 27 шілдеде ұшыруға оралуға дайын екенін атап өтті.