Бәлкім, әдейі ұйымдастырлған қастандық шығар.
Күні кеше отандық БАҚ-та Қостанай облысының Бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлының мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 15 тәулікке қамалғаны туралы ақпарат тарады. Артынша ҚМДБ оны қызметінен босатты. Бұл ретте, жазушы, ғалым Қайрат Жолдыбайұлы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол имамның ыңғайсыз жағдайға тап болуына байланысты ойын ашық жазды.
«Екі күннен бері ішім алай-дүлей. Бұл ұятты жағдайға сенгім келмейді. Бәлкім, әдейі ұйымдастырлған қастандық шығар. Қымызға яки басқа бір тағамға бір нәрсе араластырып әдейі ішкізіп, сосын арнайы тапсырыспен ұстатты ма екен? Егер имамның ары таза болса, адвокат жалдап, өзін қорғауы тиіс. Ал рас болса, онда бас мүфти өз еркімен қызметінен кетуге тиіс. ҚМДБ түбегейлі рефермолануы шарт», – деп Қайрат Жолдыбайұлы Facеbook-тегі парақшасында жазды.