$ 480.55  533.75  5.36

«Назарбаев әлі де академиктер тізімінде»: Ұлттық ғылым академиясы Саясат Нұрбектің сөзін жоққа шығарды

Академик мәртебесі өмір бойына берілетінін және айрықша жағдайларда ғана күші жойылатынын айтты.

Фото: nege.kz
Фото: nege.kz

Ұлттық ғылым академиясы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің академиктер тізімі жаңартылды және Нұрсұлтан Назарбаев бұл тізімде жоқ деген сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық ғылым академиясы академик мәртебесі өмір бойына берілетінін және айрықша жағдайларда ғана күші жойылатынын айтты. Олардың хабарлауынша, Назарбаев әлі де академиктер тізімінде.

Ұлттық ғылым академиясының академиктері жалпы жиналыста жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Жарғыға және ондаған жылдар бойы қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, академик мәртебесі өмір бойына беріледі. Жарғыда нақты белгіленген ерекше жағдайларда, Ғылым академиясы мүшелерінің дауыс беруі негізінде ғана алынып тасталынуы мүмкін, - делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір атағынан айырылды            

 Путин, Лукашенко, Назарбаев: Актер Нұртас Адамбай саяси тұлғалардан кешірім сұрады 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары