$ 494.87  520.65  4.91

Құлсарыда 2 млрд-тан аса қаржыға жөнделген орталық қолдануға жарамсыз, қаңырап тұр

53,1 млн теңге бөлінген 200 терезені жаңасына ауыстырмаған.

Фото: www.gov.kz
Фото: www.gov.kz

Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлыққа қарсы еріктілермен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы AtyrauPress сайтыа сілтеме жасап.

Қоғамдық мониторингінің кезекті объектісі Жылыой ауданы, Құлсары қаласының №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы болды, оның жөндеу жұмыстарына бюджеттен 2,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Мониторинг барысында объектінің жобалық сметалық құжаттамасына сәйкессіздігі анықталды.

Мысалы, ЖСҚ-ға сәйкес терезелер жаңаларына ауыстырылуы керек еді. Алайда, мониторинг барысында поливинилхлоридтан жасалған терезе блоктары мүлдем ауыстырылмағаны анықталды, бірақ терезе тақталарын өздігінен жабысатын ақ қағазбен жабу арқылы жаңа терезелерге ұқсатып жасалды. ЖСҚ-ға сәйкес, тек бас ғимаратта 200 терезені жаңасына ауыстыру керек еді, оған бюджеттен 53,1 млн теңге бөлініп, төленген екен.

Сонымен қатар, төбелерді минералды талшықты плиталармен қаптау қазірдің өзінде қираған, душ кабиналарында душқа арналған крандар жоқ, есіктері жоқ металл шкаф, кереуеттер жарамсыз күйге түсті. Айта кету керек, нысан 2023 жылдың 28 желтоқсанында пайдалануға берілді.

Жауапты мемлекеттік органдар өкілдерінің айтуынша, арнайы орталықта емделуге мұқтаж психоневрологиялық бұзылулары бар ересек пациенттер тізімінде 150-ге жуық адам бар және олар пайдалануға берілгеннен кейін жаңа орталыққа орналастырылатын болады. Алайда, бүгінгі таңда Орталық 7 айдан бері бос тұр.

Әлеуметтік маңызы бар объектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және болдырмау мақсатында бақылау тұрақты негізде жалғасатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары