$ 479.38  531.63  5.27

Ақтөбеде Димаш Құдайбергеннің құрметіне арена салынады

Қазақстанда әншілердің атауында ешқандай спорттық нысан жоқ. Ақтөбедегі спорт кешені алғашқысы болмақ.

Фото: liter.kz
Фото: liter.kz

Ақтөбеде Димаш Құдайбергеннің құрметіне «Димаш арена» атты арена салынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 маусымдағы No 461 қаулысымен Ақтөбе қаласының бас жоспары жаңа редакциясы дайындалды.

Соның ішінде ерекше айта кететіні, қала үшін бірнеше маңызды нысандар салынады. Мысалы, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің құрметіне «Димаш Арена», шетелдік туристерді қызықтыратын этномәдени саябақ, фольклор ауылы, «Астана Арена» сияқты олимпиадалық стадион, тағы басқа.

Айта кетейік, әзірге Қазақстанда әншілердің атауында ешқандай спорттық нысан жоқ. Ақтөбедегі спорт кешені алғашқысы болмақ. Бірақ әзірге бұл аренаның сыйымдылығы қандай болатыны әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары