27.07.2024, 22:30

Елдос Сметов дзюдодан ел тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды

Фото: ©Olympic.kz

Сүйінші!

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Париж Олимпиадасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Отандасымыз Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді сыйлады.

Қазақ балуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласын жеңді.

Сөйтіп, Елдос Сметов олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен жазды.