Бүгін еліміздің атынан Олимпиада ойындарына бадминтон спортынан алғаш рет Дмитри Панарин қатысады.
Олимпиада ойындарындағы 28 шілде күнгі жарыс кестесі мен Қазақстан атынан кімдер сайысқа түсетіні жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгін еліміздің атынан Олимпиада ойындарына бадминтон спортынан алғаш рет Дмитри Панарин қатысады.
Кешегі жарыс күнінде командалық сында Олимпиаданың қола жүлдесін алған Александра Ле мен Ислам Сәтпаев пневматикалық оқ атудан жекелей сында бақ сынайды. Сондай-ақ Арина Алтухова мен Константин Малиновский жарыс жолына шығады. Академиялық ескек есуден Владислав Яковлев, 1/4 финалға шығу үшін жұбыныш сынында бақ сынаса, 66 келі салмақ дәрежесінде дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада ойындарының жүлдесіне таласады. Семсерлесуден жекелей сында Вадим Шарлаимов, Руслан Құрбанов және Эльмир Әлімжанов өнер көрсетеді. Бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71келі) Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін өткізсе, Айбек Оралбай (92 келі) шаршыкч алаңда бақ сынайды. Сонымен қатар, 50 келі салмақта Назым Қызайбай шаршы алаңға көтеріледі.
Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар Бадминтон Дмитрий Панарин Оқ ату спорты. Жекелей сын Ислам Сәтпаев Константин Малиновский Александра Ле Арина Алтухова Семсерлесу. Ерлер Вадим Шарлаимов Руслан Құрбанов Эльмир Алимжанов Дзюдо. Ерлер - 66 келі Ғұсман Қырғызбаев Бокс. 1/16 финал Асланбек Шымбергенов Айбек Оралбай Назым Қызайбай