28.07.2024, 13:30

«Ешкімге керек болмай қаласың»: Головкин Елдос Сметовке әзілдеп ақылын айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

Әзілді жылы қабылдаған жеңімпаз Головкинмен төс қағыстырды. 

Париж Олимпиадасында қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені салған дзюдошы Елдос Сметовке ҰОК президенті Геннадий Головкин ағалық ақылын айтқан сәті желіде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Күні кеше 60 келіде өнер көрсеткен Сметов бес белдесудің бәрінде жеңіске жетіп, Олимпиада чемпионы атанды. Ол Қазақстан тарихындағы Олимпиададан алтын жүлде иемденген алғашқы дзюдошы. Сондай-ақ, Елдос Сметов Олимпиада ойындарында үш рет жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы атанып отыр.

Жәй ғана өзіңе сен. Әдемі сөйлейтін адамдарды көп тыңдай берме. Ондайлар енді көбейеді. Өз тәжірибемнен білемін. Ал, соңында отбасыңнан басқа ешкімге керек болмай, жалғыз қаласың. Сосын менің орныма қоюға тура келеді, - деді Головкин әзілдеп.

Әзілді жылы қабылдаған жеңімпаз Головкинмен төс қағыстырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Елдос Сметов дзюдодан ел тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды

Тоқаев Елдос Сметовке қоңырау шалып, жеңісімен құттықтады (ВИДЕО)