Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі.
2024 жылғы Париж Олимпиадасы өз бастауын алды. Осы орайда Skifnews.kz ақпарат порталы ел құрамасы қоржынға қанша жүлде салатынына болжам жасап көрді.
Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі. Еліміздің атынан 80 спортшы 92 жолдама жеңіп алған болатын.
Қазақстандық спортшылар бокс, дзюдо, спорттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннистен сынға түседі.
Сондай-ақ олар велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен жарыс жолына шығады.
Gracenote сараптамалық агенттігі Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына арналған болжамында Қазақстан құрамасы жалпы саны 10 медаль ұтып, жалпыкомандалық есепте 26-орын алады деп болжаған.
Статистикалық агенттік ақпараты бойынша қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс, 7 қола медаль еншілейді деп көрсеткен. Сонымен қазір Олимпиада ойындарын жолдама алып үлгерген спорт түрлері мен спортшыларды таныстыра кетейік.
Бокс (7 жолдама) Карина Ибрагимова - 57 кг, әйелдер Сәкен Бибосынов - 51 кг Сабырхан Махмұд - 57 кг Асланбек Шымбергенов - 71 кг Нұрбек Оралбай - 80 кг Айбек Оралбай - 92 кг Қамшыбек Қоңқабаев - +92 кг
Нысана көздеу (5 жолдама) Ислам Сатпаев - пневматикалық мылтық (10 м) Арина Алтухова - пневматикалық мылтық(50 метрден, үш позиция) Никита Чирюкин - жылдам атылатын тапанша (25 м) Александра Ле - невматикалық мылтық (10 м) Константин Малиновский - үш позициядан пневматикалық мылтық (50 м)
Садақ ату (4 жолдама) Жекелей, ерлер Жекелей, ерлер Жекелей, ерлер Командалық, ерлер
Семсерлесу (4 жолдама) Командалық, ерлер - шпага Жекелей, ерлер - шпага Жекелей, ерлер - шпага Жекелей, ерлер - шпага
Велоспорт (3 жолдама) Тас жолдағы жарыс, ерлер Тас жолдағы жарыс, ерлер Уақытқа жекелей жарыс, ерлер
Заманауи бессайыс (2 жолдама) Елена Потапенко, әйелдер Георгий Борода-Дудочкин, ерлер
Таеквондо (2 жолдама) Самирхон Абабакиров - 58 кг Батырхан Толеугали - 80 кг
Еркін күрес (1 жолдама) Азамат Даулетбеков - 86 кг
Грек-рим күресі (1 жолдама) Нұрсұлтан Тұрсынов - 87 кг
Спорттық гимнастика (1 жолдама) Милад Карими - көпсайыс
Батут (1 жолдама) Данил Мұсабаев - батутта секіру
Жеңіл атлетика (1 жолдама) Жанна Мамажанова - марафон.
Бүгінде Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Қазақстан-1 командасы Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесін делегация қоржынына салды. Алғаш рет олимпия ойындарына қатысып тұрған Ислам Сатпаев пен Александра Ле жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түсті.
Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Париж Олимпиадасының жеңімпазы атанды. Қазақ балуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласын жеңді. Сөйтіп, Елдос Сметов олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен жазды.
Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасының қоржыны екінші қола медальмен толықты. Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында үшінші орын алды. 66 килоға дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде серб спортшысы Страхиня Бунчичтен айласын асырды.
Осылайше еліміз Олимпиаданың екінші күнінде жалпы есеп бойынша 7-орында тұр.
Ал 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған Оңтүстік Корея спортшылары жалпы есепте көш басында тұр. Екінші орында — Австралия құрамасы. Олардың еншісінде 3 алтын, 2 күміс жүлде бар. Үздік үштікті әзірге 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен Қытай құрамасы түйіндеп тұр.
Жалпы бүгінге дейін Париж Олимпиадасының медаліне 19 мемлекеттің спортшылары қол жеткізіп үлгерді.