$ 498.34  519.72  4.85

«Құлашын кеңге жайып, немересін сүйіп отыратын кезде»: Депутат Дәулет Мұқаевтың анасы өмірден озды

Ол сөйлескен әңгімесінен үзінді жариялады.

Фото: ulysmedia.kz
Фото: ulysmedia.kz

Суық хабарды тележүргізуші Дана Нұржігіт мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол Дәулет Мұқаевпен кеше ғана сөйлескен әңгімесінен үзінді жариялап, қаралы хабарды естігенін айтып, қайғыра көңіл айтты.

Дәулетжан, айналайын! Кеше ғана сөйлесіп, жағдайыңды біліп отырған едім. Күлекеңнің денсаулығы оңалып келе жатыр ма деп,ең болмаса жылтыраған үміт бар ма деп едім… қайтейін?! Тағдыр басқалай болды. Ерсің бе, әйелсің бе, жассың ба, кәрісің бе, хан бол, қара бол Ананың орны бәрінен биік, бәрінен бөлек, бәрінен ерек.Күлекең мен Төлеутай әкеңді сонау “көшбасшыға” өзіңе жанкүйер болып студияға келіп жүрген кезінен білем ғой. Баласы үшін құрақ ұшқан ата-ана. Құдай берген ұл-қызына бәрін сарқып берген жанкешті адамдар. Қарапайым қазақ. Күлекең мейірбике, Төлеутай әкей сол ауруханада ұста. Екі баланы жеткізіп, Семейден Астанаға көшіп келіп, енді құлашын кеңге жайып, немересін мейірлене сүйіп отыратын кезде… қап,қап!

Төкеңе қайғырып көңіл айтамын! Жарасып өмір сүрген жұбынан қапыда айырылу жан азабының ең ауыры. Дәуке,Лаура, Арука, туған-туыс,дос бауырға қайғыра көңіл айтамын!

Сабыр…, - деп жазды Дана Нұржігіт.

Сондай-ақ, кәсіпкер Қайша Керей де әлеуметтік желіде қаралы хабарды растады.

Құрметті оқырмандарым, Даулет досымыздың анасы Күлпаш анамыздан мезгілсіз айырылып қалдық.  Осы постты жазып отырғаныма сене алар емеспін, - деді ол.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары