29.07.2024, 00:30

«56 жасқа тола сала...». Дәулет Мұқаевтың анасы неден қайтыс болғаны белгілі болды

Фото: dauletten инстаграм парақшасынан

Әлі де сене алар емеспіз.

Мәжіліс депутаты, экономист, блогер Дәулет Мұқаевтың анасы өмірден өтті. Дәулеттің көмекшісі Бекарыс Қошқарбай әлеуметтік желідегі парақшасында депутаттң анасының қазасына не себеп болғаны туралы жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Құрметті оқырман, бүгін таңда Дәулет Мұқааевтай ұлды дүниеге әкелген алтын құрсақты Күлпаш анамыз 56 жасқа тола сала, мезгілсіз дүниеден озды... Әлі де сене алар емеспіз. Мұқаевтар әулетіне, туған туыстарына, ұрпақтарына, барша қазақ еліне қайғырып көңіл айтамыз. Анамыз өте сирек кездесетін дертке шалдығып, ауруханада 2.5 айға жуық жан сақтау бөлімінде жатты. Амал не.... Қазаның арты қайырлы болсын!", деп жазды Бекарыс Қошқарбай.

 ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Құлашын кеңге жайып, немересін сүйіп отыратын кезде»: Депутат Дәулет Мұқаевтың анасы өмірден озды