$ 478.96  533.03  5.22

«Біз үшін бас мүфти өлді» дейді имам

Олар бас мүфтилеріне қарсы түрлі видео-үндеу жолдауда. 

Фото: democrat.kz
Фото: democrat.kz

Түркияның бас мүфтиі үлкен сынның астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Democrat.kz сайтының жазуынша, Бас мүфти Али Ербаштың көпшілік алдында Иса (а.с.) пайғамбар жайлы айтқан бір ауыз сөзі елдегі біраз имам-ұстаздардың шамына тиген.

«Иса пайғамбарды  өлтірмеді, ол өз ажалымен өлді» деген Түркия Дін басқармасының басшысының бір ауыз сөзі түрік имамдарының шамына тигені сонша, олар бас мүфтилеріне қарсы түрлі видео-үндеу жолдауда.

Бас мүфти Али Ербаш «Иса өлді» деді. Біз үшін де енді бас мүфти өлді. Қаншама аят, хадис, дәлел тұрғанда, бас мүфтидің бұл орынсыз сөзі көңілімізге тиді. Иса пайғамбар Алланың әмірімен көкке ұшырылмады ма? - деген Фазлы Тонар имам-ұстаз ренішін жасырмады.

Сен бір елдің дінін басқарып отырған бас мүфтисің. Сенің бұлай қате сөйлеуге қақың жоқ! Сен бұлай қателік жасасаң, сенің айналаңдағылар не істемемйді? - деген қожа бас мүфтиден дереу қатесін түзетіп, жұрт алдында түсінік беруін талап етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары