$ 478.96  533.03  5.22

«Түнімен ұйықтай алмадым»: Депутат Олимпиадада жеңіліп қалған Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтты

Бұл туралы депутат әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Мәжіліс депутаты, Республика партиясының төрағасы Айдарбек Хожаназаров Олимпиадада жеңіліс тапқан Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп - Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл - тектіліктің белгісі. Бұл - үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Қанеки, жалғастырайық, Қазақтың жігіттері!" - деп жазды депутат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары