Иранның Исфахан қаласында өткен физика пәні бойынша халықаралық олимпиада (IPHO-2024) өз мәресіне жетті. Қазақстан құрама командасы төрт күміс және бір қола медаль иеленіп, 100 % көрсеткішке қол жеткізді.
Қазақстанның құрама командасы физикадан IPHO-2024 халықаралық олимпиадасында бес жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Иранның Исфахан қаласында өткен физика пәні бойынша халықаралық олимпиада (IPHO-2024) өз мәресіне жетті. Қазақстан құрама командасы төрт күміс және бір қола медаль иеленіп, 100 % көрсеткішке қол жеткізді.
Марғұлан Нұрсағатов - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы; Досжан Бисимби – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы; Артур Ким - Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы; Әмір Пшенбаев - Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы; Илияс Қазымбек - Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.Құрама команданың жетекшілері:
Самат Мақсұтов - PhD докторы, SDU University доценті; Назарали Айтджанов - SDU University физика пәні мұғалімі.