Қуанышты жаңалықпен спортшының өзі Instagram парақшасында бөлісті.
Қазақстан тарихында жүзуден алғаш рет 2016 жылы Риода (Бразилия) Олимпиада чемпионы атанған Дмитрий Баландин мен оның жұбайы Кристина 2024 жылдың 28 шілдесінде ата-ана атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қуанышты жаңалықпен спортшының өзі Instagram парақшасында бөлісті.
Фото: Instagram/dmitriy_balandin_
Баландин 2022 жылдың қыркүйегінде Кристина Тыныбаевамен шаңырақ көтерген болатын.
Дмитрий Баландин – 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы, Азия ойындарының 3 дүркін чемпионы, 2015 жылғы Универсиаданың жеңімпазы. Ол – 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Қазақстанның рекордсмені, жүзуден Олимпиада "алтынын" жеңіп алған тарихтағы тұңғыш қазақстандық.
Ол өзінің мансабын 2022 жылдың 21 қыркүйегінде тоқтатты.