$ 494.87  520.65  4.91

Айгүл Орынбек: Имамды ақтап жатқандар қоғамда діни алауыздық тудыруы мүмкін

Мас болу фактісін аңықтау үшін медициналық куәландыру жасаған кезде дерігер қойған сұраққа Б.Н. Тәжімбет «сыра іштім» деп жауап берген.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Полиция қызметкерлерінің іс -әрекетіне күмән келтіріп, имамды ақтап жатқандар бар. Бұл туралы қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек пікір білдіріп дабыл қақты. Ол тіпті, ҚР Ішкі істер министріне және Бас прокуратураға үндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның жазуынша,  имамға қатысты істі толық және объективтi тергеген судьяның қаулысына күмән келтірген дұрыс емес!

«Заң бәрімізге ортақ!

Ержан Саденов мырза!

«Ішіп ұсталған имамды»,  «қымыз ішкен», деп ақтап Президентке үндеу айтып жатқандарға жауап ретінде сол күнгі патрульдік қызметкерлердің бейне жетонындағы жазбаны шығаруды сұраймын. Полиция қызметкерлерінің іс -әрекетіне күмән келтіріп, имамды ақтап жатқандар,  қоғамда «дінге қарсы шабуыл» деп діни алауыздық тудыруы әбден мүмкін. Сол себебті бұл даудың нүктесін, имамның сол күнгі бейне жазбасын шығару арқылы нүктесін қойыңыз Ержан мырза!

Ал халыққа айтарым, полиция қызмекерлерімен  толтырылған хаттамаға күмән келтіретін шығарсыздар, ал дәлелдемелердi өз жиынтығында жан-жақты, толық және объективтi тергеген судьяның қаулысына күмән келтірген дұрыс емес! Сотта имам мен қымыз іштім деп өзін ақтағысы келгенмен, сот отырысында зертелген бейнежазба бойынша, мас болу фактісін аңықтау үшін медициналық куәландыру жасаған кезде дерігер қойған сұраққа Б.Н. Тәжімбет «сыра іштім» деп жауап берген. Сол себепті еліміздің  ҚР Бас прокуратурасы /халыққа ресми ақпарат ұсынуды сұраймын!», – деп жазды заңгер Facebok-тегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 31
Ұнамайды 6
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары