$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының медаль кестесінде үздік ондықта тұр

Көш басында – 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп үлгерген Жапония командасы.

Фото:  SN.KZ коллажы
Фото: SN.KZ коллажы

Қазақстан ұлттық құрамасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының медаль кестесінде үздік ондықта тұр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында үш жүлде бар. Нысана көздеуден Александра Ле мен Ислам Сәтбаев қола жүлде еншілесе, дзюдошы Елдос Сметов алтын медаль, тағы бір татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдені қанжығалаған еді.

Әзірге Қазақстан құрамасы медаль кестесінде 1 алтын, 2 қола жүлдемен 8-орында тұр.

Көш басында – 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп үлгерген Жапония командасы.

Екінші орынға Аустралия (4-2-0) жайғасса, үшінші орынға АҚШ (3-6-3) табан тіреген.

Айта кетейік, Токио-2020 Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 8 қола жүлде иеленіп, жалпы есепте 83-орынға тұрақтаған болатын. Бүгін, 29 шілдеде Париж Олимпиадасында үшінші жарыс күні болады. Қазақстан намысын 16 cпортшы қорғайды.

Бұл Олимпиадада жалпы 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Біздің спортшылар спорттың 25 түрінен 90 жолдама жеңіп алған болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Сағынып жүрмін»: Олимпиада чемпоны Елдос Сметов ән шырқады (ВИДЕО)

«Түнімен ұйықтай алмадым»: Депутат Олимпиадада жеңіліп қалған Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтты

Париж Олимпиадасы: Медаль бойынша болжам

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары