$ 478.96  533.03  5.22

Өзбекстан атынан өнер көрсеткен қазақ боксшысы Олимпиадада алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Осылайша, ширек финалға шықты.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Бокстан Өзбекстан құрамасының мүшесі, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев Париждегі Олимпиада ойындарында алғашқы айқасын өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

1/8 финалда 63,5 келі салмақ дәрежесінде әлем және Азия чемпионы Абдуллаев шаршы алаңда мексикалық Мигель Анхель Мартинеспен кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен сенімді түрде жеңіске жетті – 5:0. Осылайша, ширек финалға шықты.

Айта кетейік, 63,5 келіде Қазақстан намысын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қорғайды. Ол да бүгін кешке 1/8 финалдық кездесуін өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 32
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары