$ 498.34  519.72  4.85

Антикор экс-полицейге іздеу жариялады

Іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін, сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік беріледі.

Фото: Антикор
Фото: Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Бақыт Есенжолұлына іздеу жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Агенттік ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматын іздестіріп жатқанын хабарлады.

«Бақыт Әділ Есенжолұлы, 25.07.2000 ж.т., Қарағанды облысының тумасы (Сәтбаев қ. ПБ бұрынғы жедел уәкілі). Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау». Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, іздестіру бастамашысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне (мекенжайы Жезқазған қ., Құрманбаев көшесі) хабарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін, сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары