$ 498.34  519.72  4.85

Париж-2024: Триатлон жарысы өтпей қалуы мүмкін

Сынақтар өзен суының деңгейінің жарыстарды өткізуге жеткілікті кепілдік бермейтінін анықтады. 

Фото: Instagram/paris2024
Фото: Instagram/paris2024

Бүгін, 29 шілдеде Парижде өткен XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарында триатлоншылардың Сена өзенінде жүзу жаттығулары екі рет тоқтатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2024 жылғы Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің мәлімдеуінше, оған судың сапасыздығы себеп болып тұр. Соңғы бірнеше күн бойы жауған жауынның салдарынан судың сапасы нашарлаған.

«Спортшылардың денсаулығына басымдық берілген. Сынақтар өзен суының деңгейінің жарыстарды өткізуге жеткілікті кепілдік бермейтінін анықтады. Алдағы 48 сағаттағы ауа райы болжамын ескере отырып, ұйымдастырушылар триатлон басталғанша судың сапасы қалыпты жағдайда болуы керек», – делінген Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің мәлімдемесінде.

Ал 2024 жылғы Олимпиадада триатлон жарыстары 30 және 31 шілдеде өтеді деп жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары