30.07.2024, 00:30

Қарағандының тумасы Париж Олимпиадасының чемпионы атанды

Фото: Дзюдо федерациясы

Гейдаров 1997 жылы 27 шілдеде Қазақстанның Қарағанды қаласында дүниеге келіпті. Хидаят 3 жасқа толғанда отбасы Бакуге көшкен.

Бүгін Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қарағандыда дүниеге келген балуан дзюдодан Олимпиада чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәселен, дзюдодан Әзербайжан құрамасының мүшесі Хидаят Гейдаров 73 келі салмақта Париж Олимпиадасында чемпион болды. Ол финалда Франция спортшысы Джоан-Бенжамин Габаны иппон әдісімен жеңді.

Айта кетейік,  Гейдаров 1997 жылы 27 шілдеде Қазақстанның Қарағанды қаласында дүниеге келіпті. Хидаят 3 жасқа толғанда отбасы Бакуге көшкен.