Тиісті заң жобасы Сенатқа енгізілді. Сондай-ақ мас күйінде автокөлікті куәліксіз басқарса, 7 жылға дейін куәлік алуға тыйым салынады.
Премьер-министр Олжас Бектенов биыл мопедтен болған жол апатынан 27 адамның қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол бұл деректі мысал ретінде келтіріп, Ішкі істер министрлігінен жауап алды.
«Биыл мопедтердің қатысуымен болған жол көлік оқиғасында 27 адам қаза тапты. Масқара деректер. Бұл мәселені қалай шешеміз?», – деді Бектенов ІІМ басшысына.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Сенатта барлық мопедтерді тіркеуді, оларға мемлекеттік нөмірлер беруді және басқаруға міндетті рұқсат алуды көздейтін заң жобасы бар екенін алға тартты.
Министрдің сөзінше, 39 мың жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың 202-і-ата-аналары жауапқа тартылған кәмелетке толмағандар. Жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл тұрағына бес мыңнан астам мопед жеткізілген.
Сондай-ақ ол жолдарда бақылауды күшейту үшін цифрлық шешімдер енгізілуіп жатқанын алға тартты. Қалаларда жол ережелерін бұзу фактілерін тіркейтін 24 мыңнан астам автоматты камера орнатылған. Патрульдік көліктер де оларды бекіту жүйелерімен жабдықталған. Осындай жүйелерді маршруттық автобустар мен жедел жәрдем көліктерінде орнату мәселелері пысықталуда.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов жол ережесін бұзу мәселесінің өсуіне байланысты жаңа шараларды жариялады.
«Біз жылдамдықты асыратын жүргізушілерге жазаны күшейтеміз. Тиісті заң жобасы Сенатқа енгізілді. Сондай-ақ мас күйінде автокөлікті куәліксіз басқарса, 7 жылға дейін куәлік алуға тыйым салынады», – деді Ержан Саденов Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында.
Еске салсақ, бұған дейін ІІМ мопедтерді басқа көлік құралдары сияқты тіркейтінін, бірақ мопед сатып алғанын растайтын құжаттар талап етілмейтінін жеткізген болатын.