31.07.2024, 04:30

«Өзім дайындадым»: Желіде Серік Ибрагимов пен Елдос Сметовтың белдескен видеосы тарады (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Айта кетейік, Елдос Сметов Париж Олимпиадасының жеңімпазы атанды.

Танымал әнші Серік Ибрагимов Париж Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметовті жеңісімен құттықтап, біраз уақыт бұрын екеуінің белдескен видеосын өзінің парақшасына жүктеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Олимпиада чемпионы, алтын жүлдегері, қазақтың батыры. Құтты болғай! Бәріне дәлелдеді. Үлкен жүрек иесі. Өзім дайындадым. Видеоның соңын көріңіздер! 5-6 жыл бұрынғы видео, ол кезде мен формада емес кезім", – деп жазды әнші.

Айта кетейік, Елдос Сметов Париж Олимпиадасының жеңімпазы атанды. Ол француз дзюдошысы Лука Мхеидземен (60 келіге дейін) кездесті. Жекпе-жек аяқталуға бір минут қалғанда Елдос ваза-ари жасаған еді.