Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Павлодар облысында қайық аударылып, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар 28 шілдеде сағат 17:40 шамасында Ертіс ауылының маңында өзенде қайықпен аударылып кеткен 1972 жылы туған адамды іздестірген, деп жазады pavlodarnews.kz.
«Марқұмның туыстары ер адамның денесін 29 шілде күні оқиға болған жерден 6 километр жерде орналасқан жағадан тапқан», – деп хабарлады департамент.
Суда ажал құшқан адамның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.