$ 478.93  534.96  5.16

Қазақстандық биші әжелер Халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Әр номинация бойынша жеңімпаз атанып, бас жүлде мен І орынды еншіледі. Ыстықкөлде ансамбль ұжымы «Әсемдік», «Биле-биле» және «Экспрессия» билерін қырғызстандық көрерменнің назарына ұсынды.

Фото: Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі

Қазақстандық  «Қыздар-ай» хореографиялық ансамблі Қырғызстанда өткен Халықаралық байқауда жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

24-28 шілде аралығында Ыстықкөлде өткен «Таланты SUMMER FEST KYRGYZSTAN» атты байқауда биші әжелеріміз халық биі мен классикалық билеу өнерінен сынға түсті.

Қырықтан астам би ұжымдары қатысқан өнер додасында астаналық биші әжелер топ жарып алға шықты. Әр номинация бойынша жеңімпаз атанып, бас жүлде мен І орынды еншіледі. Ыстықкөлде ансамбль ұжымы «Әсемдік», «Биле-биле» және «Экспрессия» билерін қырғызстандық көрерменнің назарына ұсынды.

«Қыздар-ай» ансамблі 62-76 жас аралығындағы биші әжелерден құралған. Оған білікті маман Ирина Смағұлова жетекшілік етеді.

«Нұра ауданында «Қыздар-ай» хореографиялық ансамблінің құрылғанына екі жылдай уақыт болды. Ұжымға зейнет жасындағы 20-дан астам әуесқой биші әжелер аптасына 3 рет жиналып, дайындық жұмыстарын өткізеді. Өнер ұжымының жетекшісі – хореография саласында 25 жылдан астам еңбек өтілі бар маман Ирина Николаевна Смағұлова.

Репертуарлары әр алуан, халық биі, эстрадалық, классикалық және басқа да билерді билейді. Қырғызстанға Орталығымыздан 11 биші әже барды. Олар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңіспен оралды. Зейнеткерлеріміз өнерлерімен қуанта берсін!» - деді Орталықтың жетекші маманы Ақсұлу Нұрланова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары