01.08.2024, 04:30

ҰБТ-дан 1 балл және 140 балл жинаған екі түлек кездесті

Фото: www.instagram.com/erasyl.ualievv

Ерасыл Уәлиев пен Жаннұр Еңсебек бұл туралы әлеуметтік желіде жариялады.

ҰБТ-да 1 балл мен 140 балл жинаған Алматы облысының екі түлегі кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ерасыл Уәлиев пен Жаннұр Еңсебек бұл туралы әлеуметтік желіде жариялады. Уәлиев өзінің Instagram-Stories-інде екеуін бірге көрген адамдар таңғалғанын айтты.

Міне, Жаннұрмен кездестік. Екеумізді бірге көрген адамдар таңғалды, - деді 1 балл жинаған түлек.

Ал екеуіне табыс тілеген желі қолданушылары «Жыл дуэті», «Екеуінің кездескеніне қуаныштымын», «Керемет контент», «Екі аңыз кездесті», «Сәттілік жолдас болсын», - деп жазған.

140 балл жинаған түлек көлік иесі атанған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек Түркияның 10 университетінен шақырту алды

«Өмір тоқтап қалмайды»: ҰБТ-дан 1 балл алып, антирекорд жасаған түлек мұның себебін айтты

ҰБТ-да рекорд: Ауылдың баласы бірде-бір сұраққа қателеспеген

 

Дереккөз: SMARTNEWS.KZ