01.08.2024, 15:20

Дзюдошы Нұрлыханның жеңіске деген жігері жемісін берді (ВИДЕО)

Фото: Сали Сабиров

Нұрлыхан Шарханның келесі қарсыласы - өзбекстандық Мұзафарбек Тұробаев. 

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Нұрлыхан Шархан Олимпиаданың  келесі айналымына өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 100 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Шархан алғашқы айналымда бельгиялық Тома Никифоровпен кездесті.   Белдесу барысында бельгиялық балуан үш ескерту алып, кездесу қазақстандық дзюдошының жеңісімен аяқталды.  Нұрлыхан Шарханның келесі қарсыласы - өзбекстандық Мұзафарбек Тұробаев.