Юсуф Дикеч – Түрік жандармериясының отставкадағы офицері.
Париж-2024 ойындарына құрал-саймансыз келген түрік мергені жанкүйерлерін таңғалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүкіл әлем көз тіккен Олимпиадаға бейқам келген мерген көпшіліктің көзайымына айналды.
51 жастағы Юсуф Дикеч Олимпиада-2024 ойындарына қатысу үшін Францияға еш құралсыз, қыртысталған киіммен бара салған. Мергендерге ыңғайлы болу үшін арнайы көзілдірік пен артық дыбысты естіртпейтін құлаққаптар берілуге тиіс. Алайда түрік спортшысы оның біреуін де қолданбады. Спортшының өнер көрсету сәті Х желісінде жарияланды. Әлгі видеода ол өзін өте байсалды және сенімді ұстағаны байқалады. Олимпиадада 10 метрлік пневматикалық тапаншадан аралас жұптық жарыста күміс медаль жеңіп алды. Осы жетістігінен кейін әп-сәтте әлеуметтік желіде танымал болып шыға келді.
«Түркия елі киллер жіберген бе?», - делінген жазбада.
Видеоны көрген көпшілік Юсуфтың мергендігіне таңданысын жасырмаған.
1news.a ресурсының мәліметінше, Дикеч – Түрік жандармериясының отставкадағы офицері.