Жүргізушілердің бірі ауруханада көз жұмды.
Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында екі жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды SkifNews.kz ақпараттық порталы.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, сағат 17:11–де SHACMAN жүк көлігінің 59 жастағы жүргізушісі «Алматы-Талғар» тасжолымен жүріп келе жатқанда көлік тізгінін басқара алмай, жол жиегінде тұрған «ЗИЛ» маркалы автокөлікке соғылған.
Салдарынан 1964 және 1978 жылы туған жүргізушілер Алматы қаласының ауруханасына жатқызылған.
Алайда жүргізушілердің бірі операциядан кейін аурухана палатасында жан тапсырды.
Облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.