03.08.2024, 08:30

+45 градусқа дейін ыстық: Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Фото: Pixabay

Алдағы демалыс күндері республиканың басым бөлігінде фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Синоптиктер елімізде 2024 жылғы 3-5 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Елдің батысында ауа температурасы күндіз +41°C, оңтүстік-батыста +40+45°C дейін көтеріледі, қалған аумақта күрт өзгеріс күтілмейді», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Мамандардың болжамынша, алдағы демалыс күндері республиканың басым бөлігінде фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауып, күн күркірейді, антициклон екпіні облыстардан республиканың батыс және оңтүстік облыстарына біртіндеп жылжи бастайды.