$ 494.87  520.65  4.91

«Тіл тартпай кетті»: Өскемен-Алматы пойызында 74 жастағы ер адам қайтыс болды (ВИДЕО)

Аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Фото: видеоскриншот
Фото: видеоскриншот

Өскемен-Алматы бағытындағы пойызда кетіп бара жатқан жолаушылардың бірі болған жағдай туралы айтып, әлеуметтік желіде видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы. 

Куәгердің айтуынша, пойыздың іші ыстық, дем алу мүмкін емес.

“Ер адамды әйелі тамбурға шығарды. Сол кезде ер адамға ауа жетпей құлады. Бұл жағдайдың бәрі ерлі-зайыптының 13 жастағы немересінің көзінше болды. Пойыздың ішінде алғашқы көмек көрсететін дәрі-дәрмек те болмады”, – деп жазды видео авторы.

Марқұмның әйелі жолдасын Сарыөзек станциясынан түсіріп алған.

“Сарыөзектің жедел жәрдемінде де, өлік таситын көлігінде де зембіл жоқ. Адамды көрпе мен төсек жаймасына салып алып кетті”, – деп жазды автор.

Куәгер видеода жолаушылар кетіп бара жатқан пойыздың ішін көрсеткен. 

Көліктегі полиция департаменті адам өлімін растап, болған сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ҚТЖ жағдайға қатысты пікір білдірді.

“1 тамызында Сарыөзек станциясында №351 Өскемен-Алматы пойызының бастығы 74 жастағы жолаушының денсаулығының күрт нашарлауына байланысты жедел жәрдем шақырды. Пойыз жолсеріктері жолаушылармен және медицина қызметкерлерімен бірлесіп, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық шараларды жасады. Өкінішке қарай, жедел жәрдем бригадасы жолаушының қайтыс болғанын айтты. Сапар кезінде жолаушы өзін нашар сезінгенін кондукторға айтпаған. Жолаушы әйелімен бірге Жарғыз-төбе станциясынан Алматыға бет алған. Әйелінің айтуынша, ер адам астмамен ауырған жән жақында оған ота жасалған. Жолаушының отбасына көңіл айтады”, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары