02.08.2024, 18:20

«Айка тізімі»: эскорт бизнесін ұйымдастырушының ісі бойынша үкім өзгермейді

Фото: Pixabay

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Алматы қалалық сотында 6,5 жылға сотталған элиталық эскорт қыздар желісін ұйымдастырушы Айканың ісі қайта қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы. 

Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұған дейін бірінші сатыдағы сот М.-ны аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз алу, сақтау және тасымалдау, сондай-ақ 52 эпизод бойынша жеңгейтайлықпен айналысу (ҚК 296-бабының 4-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы) бойынша кінәлі деп танылып, 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

Т. 12 эпизод бойынша жеңгетайлыққа көмектесті деп танылып (ҚК 28-бабының 5-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы) 3 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сот үкімімен келіспеген айыпталушылар апелляциялық шағым түсірген болатын.

«Апелляция, қылмыстық істі зерттей отырып, сотталғандарға қатысты айыптаудың толық растауын тапқанын атап өтті», — делінген хабарламада.

2023 жылдың мамыр айында М., аса ірі мөлшерде мефедронды психотроптық затты сату мақсатынсыз заңсыз сатып алып, өзімен бірге заңсыз тасымалдаған. Ұстау кезінде полиция қызметкерлері сотталушының сөмкесінен психотроптық зат тәркілеген.

2020-2023 жылдар аралығында М., Т.-мен бірге жеңгетайлық ұйымдастырып, қыздарды интимдік қызмет көрсету үшін пайдаланды. М. осы қызметтерден жеке өзіне немесе өз көмекшісі Т. арқылы пайыз алды.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен және іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденді.

Апелляция үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот үкімі заңды күшіне енді.