24 жастағы қыз полицияға арыз жазған.
Дзюдодан Олимпиада чемпионы, хорватиялық спортшы Барбара Матичтің әкесі волонтер қызға зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Париж Олимпиадасында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Матичтің жетістігі жанжалмен аяқталды. Чемпионның әкесі волонтерді зорлап сүйгені үшін қамауға алынды.
Daily Mail сайтының жазуынша, Олимпиада чемпионының әкесі қызы Матич ширек финалда жеңіске жеткеннен кейін волонтер қызды күштеп сүйген.
Ал 24 жастағы қыз полицияға арыз жазған. Содан кейін Матичтің әкесі қамауға алынды.