$ 478.93  534.96  5.16

Батыс Қазақстандағы екі ауданда төтенше жағдай жарияланбақ

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжаттардың жобасынан белгілі болды. 

Фото: freepic
Фото: freepic

Батыс Қазақстан облысының екі бірдей ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау жоспарланып отыр. Олар – Бөкей ордасы және Жәнібек аудандары, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжаттардың жобасынан белгілі болды. 

Құжаттарға сәйкес, Жәнібек ауданының аумағында және Бөкей ордасы ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланбақ. 

БҚО Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумовтың айтуынша, биыл қуаңшылыққа байланысты шабындық шөп шығымы өте нашар. Оған қоса, киіктер де азық қорын жинауға үлкен кедергі келтіріп отыр. 

"Бұл мәселе бойынша шаруалар мен жергілікті тұрғындарға көмек көрсету үшін қазіргі кезде бос жатқан және полигон аумағындағы жерлердің белгілі бір бөлігі пайдаланылып жатыр. 2024-2025 жылдың мал қыстағына 188,1 мың тонна мал азығы қажет. Бүгінде аудан бойынша жоспардың 21,6 пайызы орындалды. Жасыратыны жоқ, жыл өткен сайын жауын-шашын аздығы, қуаңшылық, жайылымның тозуы, мал азығын дайындауға кедергі келтіруде", – деді Нұрлыбек Даумов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 6
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары