Алматы қалалық Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Алматыда 4 жастағы қыз бала көпқабатты үйдің 15 қабатындағы терезеден құлап, салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ТЖМ дерегінше, қайғылы оқиға бүгін Алматы қаласының Алатау ауданында болды. Алматы қалалық Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
«Аталған дерек бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп атап Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.