Енді Астана уақытымен 23:30-да әйелдер арасында Карина Ибрагимова ширек финалға шығу үшін пуэрто-риколық Ашлэйн Мотта Лозадамен бокстасады.
Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін шаршы алаңға Нұрбек Оралбай шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
80 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз ширек финалда әзербайжандық Мурад Аллахбердиевпен жұдырықтасты.
Нәтижесінде Нұрбек Оралбай қарсыласынан айласын асырып, қазақ боксшыларынан бірінші болып жартылай финалға шықты.
Енді Астана уақытымен 23:30-да әйелдер арасында Карина Ибрагимова ширек финалға шығу үшін пуэрто-риколық Ашлэйн Мотта Лозадамен бокстасады. Сонымен қатар, 3 тамызға ауған түні, 00:20-да ерлер арасында қазақстандық Сәкен Бибосынов пен өзбек Хасанбой Дусматов арасындағы ширек финал жекпе-жегі өтеді.