Журналист оқырмандарымен әлеуметтік желідегі парақшасында сырласты.
Танымал журналист, медиа маманы Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Қайрекеңізді сағындыңыз ба? Мен сағындым, 8 жылдан асты...", – деп сұрақ жолдаған оқырманына ерекше тоқталды.
“Сағындыңыз ба? Бір сәт ұмытқан емеспін, ұмыта алмаймын және оған деген сағыныш ешуақытта басылмайтынын білемін. Таң атады, кеш батады. Өмір жалғаса береді. Тек Құдайдан ғана жаныма тыныштық сұраймын. Ренжімеңіз, сізді жұбатайын десем, өтірік айтқандай боламын...", – деп жауап жазды журналист.
Еске салсақ, Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы Қайрат Беркінбаев қоғамдық денсаулық сақтау қайраткері, "Оқ-жетпес" емдеу сауықтыру кешенінің президенті болған. Олардың Сағадат және Сардар есімді қос ұлы бар.