$ 478.96  533.03  5.22

Бүгін – ұшқыш, авиация генерал майоры Талғат Бигелдиновтың туған күні (ВИДЕО)

23 жасында Кеңес одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, майданнан аман-есен оралды. 

Фото: novoetv.kz
Фото: novoetv.kz

Бүгін – авиация генерал майоры, Кеңес одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Бигелдиновтың туған күні, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Аэроклубта ұстаздарының оң көзіне түскен Талғат Бигелдинов 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға түсті.

Пример для юных поколений: Талгат Бегельдинов

Бигелдинов әскерилер арасында ұшқыш танк деп аталып кеткен «Илюша» ұшағымен көк жүзінде 500 сағат болды. 305 рет әскери шабуылға шығып, Берлинді алуға бірінші болып қатысты.

23 жасында Кеңес одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, майданнан аман-есен оралды.

Дважды Герой Советского Союза: как Талгат Бегельдинов стал легендой военной  авиации

Ол 1966 жылы жарық көрген «ИЛ шабуылдайды» деп аталатын кітабында ұшқыш мамандығына келудегі күрделі жолын, соғыстағы күнделікті өмірін және соғыстан кейінгі кезеңдері туралы баяндады. Батырдың бұл кітабы тек Қазақстанда ғана емес, КСРО-да да танымал болды.

Талғат Бигелдиновтың ерлігі көптеген теледидарлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің және көркем фильмдердің негізі болды. Солардың ішінде даңқты ұшқыштың өмірі жайлы «Көкке самғау» атты деректі фильм түсірілді.

Умер Талгат Бигельдинов — новости на сайте Ак Жайык

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары