$ 494.87  520.65  4.91

«Су жаңа көлік, жаңа асфальт»: Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевты ел қалай қарсы алды?

Әлеуметтік желілерде спортшыларды қарсы алу кезіндегі түрлі видеолар тарауда.

Фото: qazaqstan.tv
Фото: qazaqstan.tv

Алматыда жанкүйерлер Париж төрінде көк байрағымызды көкте желбіретіп, ел абыройын асқақтатып, дзюдо спортынан Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алған Елдос Сметов, қола медаль иеленген Ғұсман Қырғызбаев пен дзюдодан өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы мен бапкерлерді күтіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Дзюдошылар Олимпиаданың алғашқы екі күнінде бір алтын, бір қола медаль жеңіп алды. Алғаш рет Елдос Сметов 60 келіде чемпион атанды. Сондай-ақ 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге ие болған еді.

Әлеуметтік желілерде спортшыларды қарсы алу кезіндегі түрлі видеолар тарауда.

Дзюдо федерациясы Ғұсман Қырғызбаевқа көлік сыйлады. Парижден елге ұшып келген Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев су жаңа темір тұлпарымен үйіне қайтты.

Сонымен қатар, Елдос Сметов тұратын көшеге жаңа асфальт төселгені түсірілген видеоролик тарады. Аталған видеороликте кадр сыртындағы дауыс бұл көшеде Елдос Сметовтің тұратыны және оның келуіне орай жаңа жол төселгенін айтады. Ал, чемпионның үйінің алдына жол салушылар асфальтті аямай құйғаны көрініп тұр.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан жетінші орынға тұрақтады. Жалпы, Париж төрінде Сметов пен Қырғызбаевтан бөлек, Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Абиба Әбужақынова (48 келі), Эсмигуль Куюлова (63 келі), Камила Берліқаш (+78 келі) күресті. Медаль Сметов пен Қырғызбаевқа ғана бұйырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 5
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары