$ 494.87  520.65  4.91

«Жүзік күтемін». Нариман Құрбанов болашақ қалыңдығына уәде берді

Сүйіктім әбден күтті.

Фото: instagram.com/aida_bauyrzhanova
Фото: instagram.com/aida_bauyrzhanova

Париж олимпиадасында спорттық гимнастикадан күміс жүлдеге ие болған Нариман Құрбанов үйленетінін мәлімдеген. Бұл мәлімдемені оның болашақ қалыңдығы Аида Бауыржанова әлеуметтік желіден көрген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Нариман Құрбанов өзінің сүйіктісіне үш жыл бойы уәде беріп, олимпиада аяқталған соң үйленетінін айтқан.

«Медальді сезініп үлгерген жоқпын. Елге оралып, спорттық гимнастикаға қатысы бар адамдардың қолдауын, құттықтауын көргенде барып түсінетін шығармын. Ең алдымен үйленемін. Сүйіктім әбден күтті. Аидаға үш жылдан бері Олимпиада ойындары аяқталған бойда отау құрамыз деп уәде беріп келдім. Бұйыртса, сол уәдемді орындаймын», - деді Нариман.

Ал Аида болса Instagram парақшасында «Жүзік күтемін», - деп жазып, жауап берген.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары