$ 478.96  533.03  5.22

Қолдау көрсету мақсатында: Даниал Ахметов Парижде жүр

2018 жылы Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланған еді.

Фото: ҚР Жеңіл атлетика федерациясы
Фото: ҚР Жеңіл атлетика федерациясы

Біраздан бері ел назарынан тыс қалған Даниал Ахметов Парижде еліміздің жеңілатлеттерімен бірге көзге түсті, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Экс-әкімнің суреті Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Федерация президенті Даниал Кенжетайұлы спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсету мақсатында жеңіл атлетика командасымен кездесу өткізді. Президент команданың әрбір мүшесінің маңыздылығын атап өтіп, Федерация алдағы уақытта да дайындық пен өнер көрсету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін атап өтті», — делінген жазбада.

Айта кетейік, Даниал Ахметов 2018 жылы Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары