Қалашықта кондиционер жоқ, өте ыстық.
Суда жүзуден Италия құрамасының мүшесі Томас Чеккон Париждегі саябақтардың бірінде ұйықтап жатқан жерінен спортшылар суретке түсірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қалашықта кондиционер жоқ, өте ыстық. Тамағы да онша емес. Сол үшін көп спортшы көшіп кетті. Дәмсіз тамақ, аптап ыстық, кондиционердің жоқтығы, ұйқысыздық», – деген болатын италияндық спортшы.
Чеккон Париж Олимпиадасында 100 метрге шалқалап жүзуде алтын, кейін дәл сол қашықтықта еркін стильде жүзуден өткен эстафеталық сайыста қола жүлде алған болатын.