$ 478.93  534.96  5.16

Lexus 600 көлігі мен 5 бөлмелі пәтер: Елдос Сметовке жамбылдықтар қандай сый көрсетті?

Облыс әкімі Елдос Сметовке барша жамбылдықтардың атынан алғыс білдірді.

Коллаж: inbusiness.kz
Коллаж: inbusiness.kz

XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Елдос Сметовті Жамбыл жұртшылығы Тараз қаласының шығыс қақпасынан сән-салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, өңір тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері, спорт жанкүйерлері, белсенді жастар қатысты.

Елдос Сметов көліктен түскен бойда өнерпаздар әндерін әуелетіп, ақ жаулықты әжелер шашуын шашып, ұлттық дәм ұсынды.

Жамбыл облысы спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы Тәуірбек Қарауылтегі Олимпиада чемпионына ақ батасын берді.

Облыс әкімі Елдос Сметовке барша жамбылдықтардың атынан алғыс білдірді.

 

Сондай-ақ Қарашөкеев Олимпиада чемпионына 5 бөлмелі пәтер мен Lexus LX600 көлігінің кілтін салтанатты жағдайға табыс етті. Спортшының жеке бапкері де сый-құрметтен кенде қалмады. Ғалымжан Жылгелдидевке 2-бөлмелі пәтер, Hyundai Santa Fe кілті табысталды. Өз кезегінде Елдос Сметов пен Ғалымжан Жылгелдиев  жерлестеріне алғыстарын білдірді. 

Елдос Сметовті қарсы алу рәсімі Ж. Жабаев даңғылы мен Ы.Сүлейменов көшесі бойынша көліктердің салтанатты шеруімен жалғасты.

Салтанатты іс-шара соңы өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 19
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары