$ 494.87  520.65  4.91

Астанада бүтін бір отбасы суға батып кетті

Төрт адамның өліміне себепкер болған жағдай Аршалы ауданы Арнасай ауылынан 2 км жерде, Астана су қоймасында тіркелді.

Фото: өңірлік ТЖД баспасөз қызметі
Фото: өңірлік ТЖД баспасөз қызметі

Астанадағы су қоймасында төрт адамнан тұратын отбасы суға батып кетті,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Ақмола облысы Арнасай ауылынан 2 километр жерде болған.

Өңірлік ведомствоның баспасөз қызметі төрт адамның өліміне себепкер болған жағдай Аршалы ауданы Арнасай ауылынан 2 км жерде, Астана су қоймасында тіркелгенін хабарлады.

«Төртеуі де – бір отбасының мүшелері. 1980 жылғы әйел мен 2001 жылғы қыздың денесін куәгерлер алып шықты. Ал 1977 жылғы және 2000 жылғы ер адамдардың денесін Ақмола облыстық және Астана қалалық ТЖД құтқарушылары іздестіріп жатыр», – делінген ТЖД хабарламасында.

ТЖД өкілдері отбасы шомылуға тыйым салынған аумақта суға түскенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары