06.08.2024, 11:00

Жамбыл облысында ер адам полицейлерге көшеде «отжимание» жасатқан (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған

Ішкі істер министрлігі видеоға қатысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді.

Желіде Жамбыл облысында азаматтық киім киген ер адамның бір топ полиция қызметкерін «отжимание» жасауға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан қызметтік форма киген полицейлердің қарапайым киім киген ер адамның нұсқауымен отырып-тұрып, жаттығу істеп жатқаны анық байқалады. Видеоның астына ақ жейде киген ер адамның Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының орынбасарларының бірі екені жазылған.

ҚР Ішкі істер министрлігі бұл видеоға қатысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді.

«Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі», – делінген министрлік хабарламасында.